Үлкен Нарын ауданы — Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Үлкен Нарын ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Үлкен Нарын ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 6 |
Ауыл саны | 21 |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, №102 |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы | 3,8 мың км² |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▼11709 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 16 |
| |
|
Тарихы
Большенарым ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Зырян, Катонқарағай және Күршім аудандарының бөліктерінен құрылды.
Оның құрамына 21 ауылдық кеңес (Большенарым, Боран, Жұлдыз, Егізтөбе, Көкөзек, Малокраснояр, Малонарым, Новоберёзов, Новополяков, Огнев, Орджоникидзе, Сеннов, Солдатов, Солонов, Трушников, Ульянов, Усть-Нарым, Үштөбе, Хайрузов, Укор, Яры) енді.
1954 жылы 13 тамызда ауылдық кеңестердің бір бөлігі біріктірілді: Боран және Большенарым – Большенарым, Егізтөбе, Көкөзек және Жұлдыз — Жұлдыз, Маймыр, Үштөбе, Яры, Орджоникидзе және Новоберёзов — Новоберёзов, Малонарым және Солонов — Солонов, Огнев және Ульянов — Ульянов, Үркер, Усть-Нарым және Хайрузов — Хайрузов.
1963 жылы 2 қаңтарда Большенарым және таратылған Катонқарағай аудандарының негізінде Большенарым ауылдық ауданы құрылды. Оның құрамына 15 ауылдық кеңес кірді: Белов, Большенарым, Жұлдыз, Катонқарағай, Маркс, Медвед, Новоберёзов, Новополяков, Сеннов, Солдатов, Солонов, Ульянов, Өрел, Хайрузов, Черновин.
1970 жылы 4 желтоқсанда қалпына келтірілген Катонқарағай ауданына 7 ауылдық кеңес берілді: Белов, Жамбыл, Катонқарағай, Маркс, Медвед, Өрел және Черновин.
1976 жылы 1 маусымда Ульянов ауылдық кеңесі таратылды.
1986 жылы аудан құрамына 7 ауылдық кеңес кірген: Большенарым, Жұлдыз, Новоберёзов, Новополяков, Солдатов, Солонов, Хайрузов.
1997 жылы 23 мамырда Большенарым ауданы жойылып, аумағы Катонқарағай ауданына берілді.
2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы Большенарым ауданының аумағында орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы құрылды. Ал Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылынан Қатонқарағай ауылына көшірілді.
Географиялық орны
Батысында Самар, солтүстігінде Алтай, оңтүстігінде Күршім, шығысында Катонқарағай аудандарымен шектеседі.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
35643 | ▼27005 | ▲56834 | ▼25494 | ▼24267 | ▼14720 | ▼11709 |
Әкімшілік бөлінісі
21 елді мекен 6 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Алтынбел ауылдық округі | 2209 | ▼1675 | 75,8 | 1098 | ▼864 | 78,7 | 1111 | ▼811 | 73 |
Новополяков ауылдық округі | 1214 | ▼706 | 58,2 | 634 | ▼365 | 57,6 | 580 | ▼341 | 58,8 |
Новохайрузов ауылдық округі | 1518 | ▼970 | 63,9 | 735 | ▼481 | 65,4 | 783 | ▼489 | 62,5 |
Солдатов ауылдық округі | 931 | ▼722 | 77,6 | 470 | ▼358 | 76,2 | 461 | ▼364 | 79 |
Солонов ауылдық округі | 2044 | ▼1313 | 64,2 | 993 | ▼688 | 69,3 | 1051 | ▼625 | 59,5 |
Үлкен Нарын ауылдық округі | 6804 | ▼6323 | 92,9 | 3329 | ▼3149 | 94,6 | 3475 | ▼3174 | 91,3 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 14720 | ▼11709 | 79,5 | 7259 | ▼5905 | 81,3 | 7461 | ▼5804 | 77,7 |
Дереккөздер
- Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлініс
- Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер