Үммет (үмбет; әлеумет, көпшілік) — Исламдағы бір пайғамбардың уағыздаған жолын ұстанған қауымды білдіретін термин.
Адам баласына тарапынан елші болып келген пайғамбарларға әрқайсысының өз замандарында мойынсұнып, ерген үмметтері болды. Мұсылмандар өздерін «Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (ғ.с.) үмбетіміз» деп санайды. Құран Кәрімде алдыңғы пайғамбарлардың үмметтерімен араларындағы қарым-қатынастары туралы аяттар бар және Мұхаммед (ғ.с.) үмметтері жайлы «сендерді адамдарға куә болуларың үшін «орта үммет» еттік, ал пайғамбар сендер үшін куә» (, 143-аят) деген аят бар. Себебі, бұл дүниеде де, о дүниеде де ислам қағидалары негізге алынып, исламды ұстанған қауым негізгі бағдарды анықтайды.
Өркениетті қоғамда салауатты өмірдің қалыптасып дамуына, ислам қағидалары мен Мұхаммед (ғ.с.) үмметтерінің айтарлықтай ықпалы болған. Үммет ұғымының қазіргі негізгі мағынасы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың уағыздық қызметі кезінде және осы терминмен анықталған әлеуметтің қалыптасуымен дүниеге келді. Үмметтің ерекше қамқорлыққа ие екендігінің куәсі, оның қамқоршысы Алланың өзі және соңғы пайғамбары болуы.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер