Үнді тілдері, үндіарий тілдері — үндіеуропа тілдер шоғырының көне үнді тармағынан тараған .
Үнді тілдерінде сөйлеушілердің саны шамамен 800 млн-дай (2001). Үнді тілдері негізінен Солтүстік және Орталық Үндістанға, Пәкістанға, Бангладешке, Цейлон мен Непал елдеріне тараған. Туыстық жағынан Үнді тілдері үнді-иран тобының дард және иран тілдеріне жақын. Үнді тілдерінің ерекшелігі орта ғасырдағы үнді тілдері мен диалектілерінің, ортақ даму бағыты мен әр алуан тілдердің бір-біріне әсер етуі және бұл тілдердің тоғысуы нәтижесінде қалыптасуында. Үнді тілдерінде (хинди, урду, бенгали, т.б.) жазылған әдебиеттерде брахми әліпбиінің тарихи нұсқалары (, , , т.б.), араб-парсы графикасы немесе арнайы әліпбилер (грантка, ланда, т.б.) пайдаланған (қ. Үнді жазуы). Үнді тілдері Үндістанда хинди, урду, бенгал, маратхи, , панджаби, , тілдері, Пәкістанда урду тілі, Бангладеште бенгал тілі, Непалда , Шри-Ланкада (Цейлонда) ресми тілдер қатарында.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер