Үшарал — Қазақстандағы қала (1984 жылдан), Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы (1928). Іргесі 1871 жылы қаланған.
Қала | |
Үшарал | |
![]() | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Әкімі | Бағдат Әбілмәжинұлы Қарасаев |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 46°10′11″ с. е. 80°56′22″ ш. б. / 46.16972° с. е. 80.93944° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°10′11″ с. е. 80°56′22″ ш. б. / 46.16972° с. е. 80.93944° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1871 |
Бұрынғы атаулары | Стефанов |
Қала статусы | 1984 |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 21 198 адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 72833 |
Пошта индексі | 040200 |
Автомобиль коды | 19 |
alakol-akimat.kz | |
Үшарал шекарасы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 281 км-дей жерде, Тентек өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы
Тұрғыны:
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
17157 | ▲21122 | 123,1 | 8475 | ▲10601 | 125,1 | 8682 | ▲10521 | 121,2 |
Атауы
Қаланың батыс жақ тұсынан Тентек өзені үш тарамға бөлініп ағатын болғандықтан «Үшарал» атанған.
Кәсіпорындары
20 ғасырдың 90-жылдарының ортасына дейін қалада қызмет атқарған ауыл шаруашылығы техника бірлестігі, баспахана, нан, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, орман шаруашылығы, көлік, құрылыс кәсіпорындары, мал дәрігерлік стансасы, т.б. мекемелер мен кәсіпорындар нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде АҚ, ЖШС мен шаруа қожалықтары құрылды.
Географиясы
Климаты
Үшарал ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 6,6 | 13,5 | 26,2 | 33,5 | 38,2 | 39,5 | 42,3 | 41,0 | 40,2 | 31,2 | 22,5 | 14,4 | |
Орташа максимум, °C | −6,4 | −3,8 | 4,3 | 17,7 | 24,3 | 29,6 | 31,8 | 30,8 | 24,9 | 16,0 | 5,8 | −2,4 | |
Орташа температура, °C | −12 | −9,5 | −1 | 10,4 | 16,8 | 21,8 | 24,2 | 22,7 | 16,6 | 8,8 | 0,5 | −7,1 | |
Орташа минимум, °C | −17,5 | −15,2 | −6,4 | 3,0 | 9,3 | 14,1 | 16,6 | 14,5 | 8,2 | 1,6 | −4,8 | −11,9 | |
Абсолюттық минимум, °C | −37,8 | −36,1 | −30,8 | −9,2 | −3,7 | 3,4 | 8,8 | 3,9 | −5,5 | −16,5 | −30,1 | −35,5 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 26,3 | 19,5 | 21,5 | 31,9 | 26,5 | 27,7 | 28,2 | 11,8 | 10,7 | 22,8 | 37,5 | 36,1 | |
Дерекнама: Үшарал ауа райы мен климаты |
Инфрақұрылымы
Аудандық аурухана, емхана, тубдиспансер, санэпидстанса, дәріханалар, 5 орта мектеп, гимназия, музыка, спорт мектептері, ауыл шаруашылық лицейі, 2 балабақша, мәдениет сарайы, халық театры, мешіт, т.б. мекемелер бар.
Қала арқылы республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Семей автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер