Үшкіржеміс жидесі (лат. Elaeagnus oxycarpa) – Жиде тұқымдасына жататын ағаштың бір түрі. Бұта түрлері де бар. Шығыс Қазақстанда жиде орманды жерлерден басқа барлық жерлерде өседі.
Үшкіржеміс жидесі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Elaeagnus oxycarpa L., 1753 | ||||||||||||||
мәтінді қара |
Үшкіржеміс жидесі – жапырақ тастайтын ағаш, ұзындығы 3-15 м жетеді, қызғылт-қоңыр қабықты және бұталары тікенді тырбия жайылған. Күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтарының ұзындығы 4,5 см, ені 1,5 см болады. Гүлі қос жынысты, ұсақ, хошиісті, жапырақ бауырына 1-3 жерден орналасады. Жемісі сүйекті жұмыртқатәріздес, шамамен ұзындығы 1 см, сарғыш не қызғылт, ұн тәріздес ұнтақты. Тау бауырында, тегіс далада, құмды далада, көл мен өзендердің арасындағы тоғайда өседі. Жиде әсемдік өсімдіктер қатарына жатады. Жида мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі. Жиденің жемісі өте шірнелі. Үшкіржеміс жиде тұқымынан, тамыр өскінінен немесе тамыртүбінен көбейеді. Жемісі – жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Ресурстық пайдасы: топырақты бекітуге, құм көшкінін тоқтатуға, ағаш алуға, тамаққа, дәрілікке пайдалануға және шырынын алуға болады.
Синонимдар
- Elaeagnus angustifolia var. caspica
- Elaeagnus angustifolia var. iliensis
- Elaeagnus angustifolia var. orientalis (L.)
- Elaeagnus angustifolia subsp. orientalis (L.)
- Elaeagnus angustifolia var. spinosa
- Elaeagnus argentea
- Elaeagnus caspica (Sosn.) Grossh.
- Elaeagnus dactyliformis
- Elaeagnus erivanensis ex Schltdl.
- Elaeagnus hortensis
- Elaeagnus igda (Servett.) Tzvelev
- Elaeagnus iliensis (Musch.) Musch.
- Elaeagnus incana
- Elaeagnus inermis
- Elaeagnus litoralis (Servett.) Kozlowsk.
- Elaeagnus longipes var. hortensis (M. Bieb.) Maxim.
- Elaeagnus moorcroftii ex Schltdl.
- Elaeagnus orientalis
- Elaeagnus oxycarpa
- Elaeagnus songarica var. kozlovskajae
- Elaeagnus songorica (Bernh. ex Schltdl.)
- Elaeagnus spinosa
- Elaeagnus tifliensis
- Elaeagnus tomentosa
- Elaeagnus turcomanica
Дереккөздер
- "Күншығыс" энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер