«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ — бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ | |
Түрі | коммерциялық емес акционерлік қоғам |
---|---|
Қызметі | аграрлық ғылыми-білім беру қызметін басқару |
Құрылды | 2015 |
Бұрынғы атауы | "ҚазАгроИнновация" АҚ |
Құрушы | ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Орналасуы | Қазақстан, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 17 үй, А блогы |
Басты адамдары | Басқарма төрағасы |
Саласы | Ауыл шаруашылығы, білім, ЖОО |
Сайты | nasec.kz/kk |
Миссиясы мен қызмет көрсету бағыттары
«ҰАҒБО» КеАҚ миссиясы - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу. Олардың қатарында: сұрыптардың өнімділігін арттыру үшін егін шаруашылығында инновациялық тәсілдерді енгізу, жаңа технологияларды апробациялау және енгізу үшін тәжірибе шаруашылықтарының негізінде демонстрациялық алаңдарды құру, Қазақстан Республикасының АӨК дамыту үшін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әзірлемелерін жасау, аграрлық саладағы ғылыми ортаны нығайту және одан әрі дамыту.
Миссияны орындау үшін «ҰАҒБО» КеАҚ келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми және кадр әлеуетін арттыру.
- Еншілес ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
- Мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу.
- Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігі мен экономикалық тиімділігін арттыру, аграрлық ресурстар мен стандарттарды дамыту, аграрлық сектордағы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру мақсатында акциялары Қоғамға берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.
- Педагогикалық қызметкерлердің, студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарын ынталандыру.
- Тәжірибелі-конструкторлық жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық сипаттағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, олардың коммерциялануы және Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы.
- Отандық тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды, агроөнеркәсіптік кешеннің іргелі және қолданбалы зерттеулерін сыртқы нарықтарға алға жылжытуға жәрдемдесу.
- «ҰАҒБО» КеАҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу.
- Ауыл шаруашылығына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.
- Заманауи өндірістік технологияларды енгізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ынталандыру шараларын әзірлеу.
- Қазақстанның аграрлық ғылым мен білім деңгейін халықаралық сапа стандарттарына көтеру.
- Қазақстандық аграрлық ғылыми өнімдерді (сорттар, тұқымдар, технологиялар және т.б.) әлемдік және аймақтық нарықтарға жылжыту.
- Заманауи ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды өндіріске енгізудің тиімді жүйесін құру.
- Аймақтық тәжірибе-эксперименталдық орталықтар желісін және білімді тарату орталықтарын құру.
- Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджеттен тыс қаражат есебінен ғылыми әзірлемелерді бірлесіп қаржыландыру жүйесін құру.
- Әлемдік деңгейде аграрлық ғылым мен білім инфрақұрылымын құру және дамыту және оның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету .
Еншілес кәсіпорындары
Акционерлік қоғам құрамына 3 аграрлық ЖОО, 17 ғылыми-зерттеу орталықтары, 17 тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары және 3 сервистік компаниялар кіреді.
Жоғары оқу орындары
- «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КеАҚ
- «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
- «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ
Ғылыми-зерттеу орталықтары
- Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты
- А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
- Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты
- Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты
- Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
- Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты
- Ө.Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары
- Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы
- Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы
- Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы
- Красноводопад ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы
- Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы
- А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы
- Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы
- Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы
- Солтүстік Қазақтан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы
- Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы
- Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы
- Кондрат тәжірибе көрсететін орман питомнигі
- Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы
- Қарабау элиталы тұқым шаруашылығы
- Мерке тәжірибе шаруашылығы
- Түгіскен тәжірибе шаруашылығы
- Қазақ тұлпары
- Агропарк «Оңтүстік»
Сервистік компаниялар
- «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС
- «Асыл түлік» Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы» АҚ
- «Агроөнеркәсіптік кешеніндегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС
Басшылары
- Асқар Наметов (2015-2017)
- Ұлан Тәжібаев (2018-2019)
- Төлеутай Рақымбеков (2019-2020)
- Гүлмира Исаева (2021-2022)
- Дархан Балпанов (2022-2023)
- Бауыржан Қасенов (2023 жылдан)
Дереккөздер
- "ҰАҒББО" КеАҚ Жоғарғы оқу орындары
- "ҰАҒББО" КеАҚ ғылыми-зерттеу орталықтары 16 желтоқсанның 2019 жылы.
- "ҰАҒББО" КеАҚ тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары
- "ҰАҒББО" КеАҚ Сервистік компаниялары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер