Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет | |||||||
Туған күні | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған жері | |||||||
Азаматтығы | |||||||
Ұлты | Қазақ | ||||||
Мансабы | |||||||
Шығармашылық жылдары | 1974 - осы уақыт | ||||||
Жанры | |||||||
Шығармалардың тілі | қазақ және орыс тілі | ||||||
Марапаттары | | ||||||
Сыйлықтары |
|
Әке-шешесі
Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған. Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы.
Білімі
Қызмет жолы
- 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
- 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
- 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
- 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
- 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
- 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
- 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
- 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
- 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі.
- 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
- 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
- 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
- 2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы.
Шығармалары
- «Қанат қақты» (1974)
- "Көздеріңе ғашықпын" (1974)
- «Жұлдыз жарығы» (1977)
- «Аптайдың алтынтамыры» (1979)
- «Ұлыстың ұлы күні» (1982)
- «Ақ керуен» (1985)
- «Жаратылыс» (1989)
- «Жүректегі жарылыстар» (1995)
- «Алтай асулары» (1988)
- «Заман-ай» (1999)
- «Киіз кітап» (2001) кітаптарының;
- «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003);
- қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006)
- «Ынтық зар» (2009)
- «Әбілхаят» (2009) авторы.
- «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.
Басқа тілдерде
Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған.
Өз аудармалары
Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, , моңғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Александр Александрович Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
Қоғамдық қызметі
- Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
- Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
- Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
- Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.
- «Ақбар» бильярд клубының мүшесі.
Марапаттары
- 1976 жылы «Жігер» шығармашыл жастар байқауының жеңілімпазы;
- 1982 жылы «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған.
- 1986 жылы «Ақ керуен» кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды;
- 1995 жылы Түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының лауреаты;
- 2000 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
- 2001 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
- 2002 жылы «Киіз кітап» жинағы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
- 2004 жылдан Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (ғылыми атағы);
- 2005 жылы * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
- 2007 жылы Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.
- 2007 жылдан М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (ғылыми атағы);
- Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі.
- Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
- 2013 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
Басқа мәліметтер
- Әскери атағы - запастағы лейтенант.
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі».
- Хоббиі - кітаптар, бильярд, компьютер.
- Үйленген. Жұбайы - Есдәулетова Бейсенгүл Кенжебекқызы, дәрігер-зертханашы. Қызы - Есдәулет Назым (1980 жылы туған ), халықаралық журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі; ұлы - Есдәулет Роллан (1982 жылы туған ), мұнай бизнесінің халықаралық экономисі, инвестициялық компанияда активтерді басқарушы. Немерелері - Айя, Нұрайя, Әлихан.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011.
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер