Ұршық сөзі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін:
1) Жүннен шүйкелеп жіп иіруге арналған жеңіл аспап; жіп иіретін құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі де қол ұршығы пайдаланылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол — мұрындық (сірге ағаш), басы мен саптан тұрады. Ағаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы), қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған ұршық басы дөңгелек немесе жарты шар тәрізді болады, оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3—4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иіретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық (ши, ) орналастырылады. Мұрындық немесе иіретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді. Ұршықпен қап, дағар, алаша, басқұр, терме бау, шекпен, т.б. мен арнап жіптер тоқылған. Аз жіп иіруге арналған ұршықтың басы жеңіл, сабы қысқа етіп жасалады.
2) иіру, ширату және жіпті иіріп, ширатып, орауышқа, иіршікке, шөлмекке, т.б. орайтын негізгі тетігі. Ұршықты машиналар 18 ғасырдың II-жартысында қолданыла бастады. Ұршықтың сақиналы, центрифугалы, т.б. түрлері бар. Ұршық табиғи (мақта, жүн, зығыр) және химиялық талшықтарға арналған болып ажыратылады. Ұршық — ұзын, күрделі геометриялық формалы жұқа және иілгіш болат шпиндельден тұрады. Табиғи талшықтарды иіруге арналған сериялы ұршық шпинделінің жоғарғы бөлігіне қағаз патрон немесе ағаш шөлмек кигізіледі. Шөлмекке шуда оралады. Жіп қозғалмайтын сақина бойымен сырғанайтын жүгірткі арқылы ұршыққа келеді. Ұршықтың айналуы кезінде шуда жіп тартылады және жүгірткінің сақина бойымен қозғалуын қамтамасыз етеді. Кейіннен ұршықтың иіру, ширату, екі жіпті орау процестерін біріктіретін иіру-ширату машинасы іске асырылды. Кілем, корд, арқан, т.б. арналған жіптер өндірісі кезінде 2 рет ширататын ұршық қолданылады. Мұндай ұршықтар қарапайым ұршықпен салыстырғанда, құрылымы күрделі және өнім өндіруді екі есеге арттырады.
Ұршық майлары
Ұршық майлары (Масла веретенные) — өнеркөсіп майларына жататын мүнай негізіндегі майлағыш майлардың ескірген атауы. Өнеркәсіп майларын металкескіш білдектерді, иіру және тоқу машиналарын, желдеткіштерді, сорғыларды және тағы басқаларды майлау үшін пайдаланады. Сонымен катар жұмыс сұйықтығы ретінде де қолданылады.
Дереккөздер
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер