Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев (15 қараша 1953, Шәуешек, ҚХР — 10 шілде 2023) — қазақстандық ғалым, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты (1979), докторы (1992).
Әбдеш Төлеубаев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Ғылыми аясы | тарих |
Ғылыми атағы | тарих ғылымдарынң докторы |
Әбдеш Төлеубаев 10 шілде күні қайтыс болды.
Білімі
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1975), мамандығы — Археология, этнография, тарихшы.
Ғылыми атақтары
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтардың мұсылмандық сенімге дейінгі белгі-бұйымдары». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1993 жылдан). ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2007 жылдан).
Ғылыми еңбектері
«Қазақтардың отбасылық ғұрыптарындағы мұсылмандық сенімге дейінгі белгі-бұйымдары» (1991) кітабының авторы; «Орынбор қазақтары (тарихи этнографиялық зерттеу)» (2003), «Қазақстанның археологиясы» (2007) кітаптарының; «Дала көсемдерінің қазыналары» (2004), «Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері» (2002) кітап-альбомдардың; «Ежелгі Қазақстан тарихы» (2006), «Қазақстан тарихы» (2006, 2007) 6-шы, 10-шы және 11-ші сыныптарға арналған оқулықтардың; археология және этнология бойынша 100 астам ғылыми мақалалардың біріккен авторы. Шілікті өңірінде (Зайсан ауданы, ШҚО) алғашқы сақ мәдениетіне жататын Қазақстандағы үшінші «Алтын адамды» тапқан (2003–2004). Шілікті «Алтын адамының» салтанатты-салттық киімінің ғылыми реконструкциясы бойынша авторлық куәліктің ізденушісі.
Еңбек жолы
- 1975–1978 жылдары — КСРО ҒА Этнография институтының аспиранты.
- 1979 жылдан — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.
- 1981 жылдан — археология және этнология кафедрасының доценті.
- 1989–2005 жылдары, 2008 жылдан бері — әл-Фараби атындағы Қазақ улттық университетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі;
- 2009 жылдан бері — қосарлау бойынша археология және этнология Ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Археология және этнология институтының Диссертациялық кеңесінің (1995–2007); Жұмыс кеңесінің (2001–2005; 2008 жылдан); әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің Жұмыс кеңесінің мүшесі (1989 жылдан).
Марапаттары
- Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлығының лауреаты (2006).
- ҚР Үздік оқытушысы (2008).
- «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған (2005).
Отбасы
Найман тайпасының Мәметек руынан.
- Әкесі — Бейсембаев Тәшкен, марқұм. Анасы — Бейсембина Зейнекеш, зейнеткер, пошташы болған.
- Үйленген. Жұбайы — Жексембекова Гүлнәр Бемырзақызы, тарих пәнінің оқытушысы.
- Балалары — Талғат, Әсел, Мақпал, Мағжан.
Дереккөздер
- Белгілі ғалым Әбдеш Төлеубаев дүние салды. kaz.zakon.kz (11 шілде 2023). Тексерілді, 16 қараша 2023.
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер