Әбу Жүсіп Әбу Жүсіп Жақып бин Ибрагим әл-Күфи әл-Ансари (731, Куфа қаласы — 804 Бағдат) — мұсылмандық құқықтың (фикһтің) білгірі, діндар ғалым. 13 жасынан шариғат заңдарын оқып үйренген. 751 — 66 ж. аралығында мұсылмандық-құқықтық мектептің негізін салушылардың бірі, көрнекті факих Әбу Ханифаның (786 — 809) шәкірті әрі көмекшісі болған. 767 ж. Әбу Жүсіп Бағдат қазиы қызметіне тағайындалған. Кейін оны халиф (786 — 809) жоғарғы мәртебелі қази қызметіне көтерді.
Әбу Жүсіп өмір бойы үш міндетті: мұжтахид (шариғат білгірі), факих (құқықтанушы) және қази (сот төрешісі) қызметін қатар атқарған. Ұстазы Әбу Ханифа негізін қалаған мазһаб (мұсылманның мінез-құлқын бағалаудың жосықты тәсілдерін ұсынған құқықтық мектеп) өкілі ретінде соттар төрелік құрып, үкім кесер кезде ұстануға тиіс адамгершілік-имандық қағидаларды уағыздады. ғалым “” (“Алым-салық туралы кітап”) атты еңбегінде сот төрелігінің әділ болуын бақылау мемл-тің міндеті екенін жазды: “Істі дұрыс қарамағандықтан, түрмеге қамалғандар саны соншалықты көбейіп кетті — адамды абақтыға тығуды біледі, ал оның ісін қарап, ақ-қарасын тексерумен шаруасы жоқ. Сен өзіңнің уәзірлеріңе қамаудағылардың ісін күн сайын талқылап отыруды тапсыр: (соттың ұйғарымы бойынша) кімде-кім дене жазасына кесілсе, жазасын алсын да босатылсын, ал ешқандай теріс қылық істемегендер текке қамалып, жазықсыз жапа шекпесін” деді. Әсіресе, ол қазилардың әділеттілікке сүйенуге — мұсылмандар арасындағы дау-дамайды шешу кезінде парасатқа жүгінуге, бұра тартпауға тиістігін уағыздады. Әбу Жүсіптің кейбір ой-пікірлері осы заманғы сот этикасының нормаларына пара-пар келеді. Мысалы, ол қазидың ақыл-есі кемісе, сезім мүшелері нашарласа,әдепсіз, ынсапсыз мінез байқатса, тура жолдан тайып, пара алса, істі әділ шешпесе, кәсіби білігін жетілдірмей, шалағайлыққа ұрынса, қызметінен кетуге, орнынан алынуға тиіс деген шарт қойған.
Әбу Юсуфтың кітаптары
Ибн әл-Надим Әбу Юсуфтың мынадай кітаптары болған дейді
1.Китаб әл-солат (Намаз кітабы)
2.Китаб әл-закат (Зекет кітабы)
3.Китаб әл-сиям (Ораза кітабы)
4.Китаб әл-Фараид (Парыздар кітабы)
5.Китаб әл-буйуғ (Сауда саттық кітабы)
6.Китаб әл-Худуд
7.Китаб әл-Уикәлә (Уәкілдік кітабы)
8.Китаб әл-уасая (Өсиеттер кітабы)
9.Китаб әлсайд уә әл забайих (Аңшылық, мал сою кітабы)
10.Китаб әл-ғадаб уә әл-истибра
11.Китаб ихтиләфул амсар
12.Китаб әл-радду ъала Малик ибн Анас (Малик ибн Анасқа қарсы пікір)
13.Рисәлә фил хараж илә әл-Рашид (халифа Рашидке арнап жазған мемлекеттің кіріс-шығысына қатысты үкімдер кітабы)
14.Китаб әл-жауамиғ. Бұл кітапты Яхя ибн Халидке арнап жазады. Кітап қырық томнан құралған.
15.Қазы Бишр бин әл-Уәлидтің риуаяты бойынша Әбу Юсуфтың 36 томнан тұратын қолжазбалары болған.
Бұдан басқа «Китаб әл-Әсәр», «Ихтиләфу ибн Әбу Ләйлә уә әл-радду ъәлә сәйр әл-Аузағи», «Китаб әл-Хараж».
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
- «Әбу Ханифаның өміртарихы, фиқһы» Имам Мұхаммед Әбу Заһра. «әл-Фикр әл-Араби» баспасы. 1947 ж.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер