Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев (1964 жылдың 24 желтоқсанында туған, Таушық ауылы) – бұрынғы Жаңаөзен қаласының əкімі.
Әділбек Құлынтайұлы Дауылбаев | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
21 желтоқсан 2017 — 4 қыркүйек 2019 | |||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | ||
Ізашары | Елубай Жақайұлы Әбілов | ||
Ізбасары | Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров | ||
| |||
шілде 2009 — 21 желтоқсан 2017 | |||
Өмірбаяны | |||
Білімі | Алматы құрылыс техникумы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы | ||
Мамандығы | азаматтық құрылыс инженер-құрылысшы | ||
Дүниеге келуі | 24 желтоқсан 1964 (59 жас) Таушық, Қазақ КСР, КСРО | ||
Жұбайы | Үйленген | ||
Балалары | Ұлдары - Нұржас, Нұрдәулет, Нұрлыбек | ||
Марапаттары | | ||
өңдеу |
Білімі
- 1988 жылы Алматы құрылыс техникумын және азаматтық құрылыс мамандығын бітірген.
- М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Газ-мұнай құбырларын және газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалануға енгізу» факультетін бітірген (2004), инженер-құрылысшы.
Өмірбаяны
- 1981 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін - Маңғыстау тұрғын үйлерді-пайдалануға бөру учаскесінің 3-ші разрядты жұмысшысы (Шетпе кенті).
- 1988 жылдан - «Маңғыстау Мұнай Құрылыс» тресі қосалқы өндіріс комбинатының 3-ші санатты балташы ұстасы, ағаш шебері.
- 1989 жылдың қаңтарынан - 4-ші разрядты бақылаушысы, темір-бетон бұйымдарының сапасы жөніндегі цехтың 2-ші санатты шебері (Жаңаөзен қ.).
- 1989 жылдың қазанынан - ұлутас ашық кенішінің 3-ші разрядты бақылаушысы, шебері (Шетпе кенті).
- 1991 жылдан - Маңғыстау тұрғын үйлерді-пайдалануға беру учаскесінің шебері (Шетпе кенті).
- 1993 жылдан - «Маңғыстаумұнайжолдары» ЖШС шебері, прорабы (Ақтау қ.).
- 2000 жылдан - «Жолсервис» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы (Жаңаөзен қ.).
- 2001 жылдан - Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы дирөкторының орынбасары (Ақтау қ.).
- 2002 жылдан -Маңғыстау облысы Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының жетекші маманы.
- 2003 жылдың сәуірінен - Маңғыстау облысы бойынша Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы.
- 2003 жылдың қазанынан - Маңғыстау облысы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының жөтекші маманы.
- 2004 жылдан - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші, бас маманы, бөлім бастығы.
- 2006 жылдан - Маңғыстау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бастығының м.а., бастығы.
- 2009 жылдың шілдесі 2017 жылдың желтоқсан айы аралығы - Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі.
- 2017 жылдың желтоқсанынан - Жаңаөзен қаласының әкімі.
Жеке өмірі
Ұлты - Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 20 жыл» медалімен марапатталған.
Үйленген. Ұлдары - Нұржас, Нұрдәулет, Нұрлыбек.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер