Әділжан Ақжігітұлы Хамзин (20.09.1959, Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентінде туған) - Медицина ғылымдарының кандидаты. Қазақ.
Әділжан Ақжігітұлы Хамзин | |
Туған күні | 20 қыркүйек 1959 (64 жас) |
---|---|
Туған жері | |
Ғылыми дәрежесі | Медицина ғылымдарының кандидаты |
Марапаттары |
Өмірбаяны
- Алматы мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетін бітірген (1982), дәрігер.
- 1982 жылдың тамыз айынан - Маңғышлақ облыстық ауруханасында хиругия бойынша интернатурада.
- 1983 жылдың шілде айынан - Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасындағы қан-тамыр хирургиясы бөлімшесінің дәрігер-хирургы.
- 1985 жылдың сәуір айынан - А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және тәжірибелік хиругия ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері.
- 1991 жылдың қазан айынан 1993 жылдың сәуір айына дейін - Қазақ клиникалық және тәжірибелік хирургия ҒЗИ аға ғылыми қызметкері.
- 1993 жылдың қараша айынан - Алматы қалалық теміржол ауруханасындағы урология бөлімшесінің дәрігер-урологы.
- 1995 жылдың қаңтар айынан - Қазақ урология ҒЗИ эндоурология бөлімшесінің дәрігер-рентгенологы.
- 1995 жылдың мамыр айынан - Қазақ урология ҒЗИ рентгенэндоурология бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері.
- 1997 жылдың қазан айынан - ҰОС мүгедектеріне арналған Республикалық госпиталь бастығының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
- 2001 жылдың тамыз айынан - «Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» РМҚК ақылы урология бөлімшесінің меңгерушісі.
- 2003 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қаңтар айына дейін - литотрипсия және жедел рентгенэндоскопиялық көмөк бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері.
- 2006 жылдың қаңтар айынан бері - ҚР Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық аурухана» КМҚК урология бөлімшесінің меңгерушісі, облыстың бас штаттан тыс урологы.
Ғылыми еңбектері
Медицина ғылымдарының кандидаты (1992). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Жүрөктің туа біткен ақаулары хирургиясындағы жоғары өкпе гипертензиясының айқындалу дәрежесінің диагностикасы». 50-ден астам мақаланың авторы. Түрлі ауруларды емдеу бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізген, атап айтқанда: «Бүйректің коралл тәріздес тастарын емдеудің тәсілі» (1996); «Жарақат бетінің гемостазы мен регенерациясын түзеу тәсілі» (2002); «Ерлердің эректилді дисфункциясын хирургиялық емдеу тәсілі» (2003); «Ерлердің белсіздігін емдеу тәсілі» (2003).
Қоғамдық жұмыстары
Еуропалық Урологтар қауымдастығының толық мүшесі (1999 жылдан), Ресей андрологтарының кәсіпқой ауымдастығының мүшесі (2007 жылдан).
Марапаттары
- «Шапағат» медалі
- ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің Құрмет грамотасымен арапатталған.
Шені, атағы
Әскери атағы - аға лейтенант.
Отбасы
- Әкесі - Хамзин Ақжігіт, марқұм, Бурабай орта мектебінде математика мұғалімі болып еңбек еткен, ҰОС ардагері.
Анасы - Жүсіпова Манат Жүсіпқызы, марқұм, Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы, Бурабай кентіндегі қазақ мектебінің директоры, оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.
- Үйленген. Жұбайы - Хамзина Алма Жанарыстанқызы (1959 ж. т.), дәрігер-педиатр.
- Қызы - Ажар (1980 жылы туған);
- ұлдары - Асылбек (1986 ж. т.), Азамат (1989 ж. т.).
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер