Әкім Ұртайұлы Әшімов (1933 жылы 9 қыркүйекте Алматыда туған) — жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2007). Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
Әкім Тарази | ||||
Әкім Үртайұлы Әшімов | ||||
Туған күні | 9 қыркүйек 1933 (90 жас) | |||
---|---|---|---|---|
Туған жері | ||||
Азаматтығы | ||||
Ұлты | ||||
Мансабы | ||||
Шығармалардың тілі | қазақ тілі | |||
Дебюті | "Құйрықты жұлдыз" повесі (1966) | |||
Марапаттары |
| |||
Сыйлықтары |
|
Толығырақ
- Әкім Ұртайұлы 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
- Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірген.
- 1957 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
- 1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
- 1956 жылдан еңбек жолын бастаған. Жамбыл облысының Шу ауданы мұғалім (1956-58), "Ара" журналында фельетонист (1958-59), "Қазақстан пионері" газетінде жауапты хатшы (1962- 70), "Қазақфильм" киностуциясында сценарийлік редакциялық алқа мүшесі, бас редактор, 1970-71 "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша тілшісі, 1971-80 жылдары Қазақстан Кинематографиялық одағы басқармасының 1-хатшысы болды. 1986- 91 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1991-93 жылдары Қазақстан Ресупбликасы Мәдениет министрлігінің кеңесшісі, 1993-95 жылдары "Қаржы-қаражат" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті.
- 2009 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.
Шығармалары
- Әшімовтің алғашқы кітабы "Құйрықты жұлдыз" повесі 1966 жылы шықты.
- "Үлкен ауыл" (1968),
- "Асу-асу" (1970),
- "Көкжиек" (1980),
- "Басынан Қаратаудың" (1984) повесть-әңгімелер,
- "Қыз махаббаты" (1982) пьесалар жинақтары,
- "Бұлтқа салған ұясын" (1978),
- "Тасжарған" (1980),
- "Кен" (1986),
- "Жаза" (1998),
- "Шер" (2000),
- "Махаббат жыры" (2001),
- "Қиянат" (2002) романдары жарияланды.
Сондай-ақ ол
- "Күлмейтін комедия" (1966),
- "Жақсы кісі" (1968),
- "Жолы болғыш жігіт" (1972),
- "Қос боздақ" (1985), т.б. пьесалардың,
- "Тұлпардың ізі" (1964, реж. М.Бегалин),
- "Арман-атаман" (1965, реж. Ш.Бейсенбаев),
- "Қараш-Қараш оқиғасы" (1972, реж. Б.Шөмшиев), т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы.
- Фолиант баспасында 8 томдығы толық шыққан:
- 1. Тасжарған
- 2. Қиянат. Жаза.
- 3. Тырна, тырна, тырналар. Ақбердінің ауласы.Москва: баласаз. Сарманқұл. 2999999+1. Әнім сен едің.
- 4. Құйрықты жұлдыз. Қодарқұл. Жадыра. Аспанбай мен Райгүл. Аяз бен Биби.
- 5. Қорқау жұлдыз. Шер.
- 6. Мұстафа Шоқай.
- 7. Тәж. Эсселер.
- 8. Аспан айналып жерге түскен күн.
- Бірқатар кітаптары орыс, венгр, чех, неміс тілдерінде жарық көрген. 2002 жылы "Жаза" романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Марапаттары
Дереккөздер
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер