Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 1 сәуірден Жоғары аудиторлық палата төрағасы. 11 қаңтар 2022 жылы орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан премьер-министрі және 2023 жылғы қаңтардан Самұрық-Қазына АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
Әлихан Асханұлы Смайылов | |||||||||||
Смайылов, 2023 жыл | |||||||||||
Лауазымы | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||
2024 жылғы 1 сәуірден бастап | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | ||||||||||
Ізашары | Наталья Годунова | ||||||||||
| |||||||||||
11 қаңтар 2022 — 5 ақпан 2024 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Ізашары | Асқар Мамин | ||||||||||
Ізбасары | Олжас Бектенов Роман Скляр (м.а.) | ||||||||||
| |||||||||||
18 қаңтар 2021 — 11 қаңтар 2022 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | ||||||||||
| |||||||||||
18 қыркүйек 2018 — 18 мамыр 2020 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | ||||||||||
Ізашары | Бақыт Сұлтанов | ||||||||||
Ізбасары | Ерұлан Жамаубаев | ||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||
Дүниеге келуі | 18 желтоқсан 1972 (51 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||||||
Әкесі | Асхан Смайылұлы | ||||||||||
Анасы | Анаркүл Тайжанова | ||||||||||
Марапаттары | | ||||||||||
өңдеу |
Өмірбаяны
Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған;
1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті;
2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы;
2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі;
2018–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
2022 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005)
- Астанаға 10 жыл медалі (2008)
- Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медалі (2015)
- «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019ж)
- «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.)
- «Парасат» ордені (2020)
Дереккөздер
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер