Әліби Жангелдин көшесі (Астана) - Ә.Жангелдин көшесі басталып, , Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р. көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы - 2575 м. Әліби Жангелдин (1884-1953) - мемлекет қайраткері. Торғайдағы кәсіптік училищеде, Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқыған. Ә.Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалады. 1922 жылы Орынбордан шығып Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында жол жүріп өткен Ә.Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды. Бұл көшеде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік орналасқан.
Дереккөздер
- Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Сыртқы сілтемелер
- Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы 16 қаңтардың 2013 жылы. (қаз.) (ағыл.) (орыс.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер