“Әлім” — дастан. Авторы туралы еш дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан екі жастың махаббатына арналған. оқиғасы ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да, Баттал деген байдың қызы Рәзия мен кедей баласы Әлім арасындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы салдарынан болған екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы — сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел теңдігі мәселесін көтерген. Дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұсқасы ОҒК қорында сақтаулы.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер