Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов (19 қыркүйек 1960, Мәскеу) — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdll5OWpaQzlCYm5kaGNsOVRZWGxrWlc1dmRpNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
Өмірбаяны
- Білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.
- 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған,
- 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін,
- 1994 ж. — бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген.
- М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды.
- 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді.
- 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
- 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2000 ж. тамызда « ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
- 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — « ААҚ Басқармасының Төрағасы.
- 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында « ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы.
- 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті.
- 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады.
- 11 наурыз 2009 — БТА банк басқармасының төрағасы.
- 15 тамыз 2011 — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.
Марапаттары
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006)
- «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008).
Жеке мәліметтер
- Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
Жанұясы
- Әкесі - (1934-1998), техника ғылымдарының кандидаты, Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарған.
- Анасы - Сәйденова Фируза Абдоллақызы (1938 ж. т.), зейнеткер.
- Жұбайы - Қалдыбаева Сәуле Оразбекқызы, экономист.
- Ұлы - Байтас (2005 ж. т.).
Дереккөздер
- Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер