Ән — ең кең таралған музыкалық жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді. Әуендік-интонацация, орындаушылық мәнер-нақышы және шырқау ерекшелігіне сай қазақ әндері , (Жетісу сазы), , , тағы басқа болып айқындалады. Халқымыздың ән шығармашылығы негізінен домбыра аспабының сүйемелдеуімен дамыған. Тақпақ-сазды екпіндегі нөсер терме, желдірме-толғаулар және кең тынысты созып айтатын көтеріңкі әндер көбіне халықтық әндерге тән. Қазақстанның кәсіпқой композиторларының әндеріне өмірдегі сан-алуан тақырып арқау болған. Отандық ән жанрының дамуына Абай, Ақан сері, Мұхит, Біржан, , Үкілі Ыбырай, (К. Әзірбаев), , Л. Хамиди, , С. Мұхамеджанов, ,, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, ,, ,, Е. Хасанғалиев т.б. елеулі үлес қосты.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер