Әсет Көпбайұлы Бейсеуов (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі (1991).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2WkM5a1ppOGxSRE1sT1RnbFJERWxPREVsUkRBbFFqVWxSREVsT0RKZkpVUXdKVGt4SlVRd0pVSTFKVVF3SlVJNUpVUXhKVGd4SlVRd0pVSTFKVVF4SlRnekpVUXdKVUpGSlVRd0pVSXlMbFJKUmk5c2IzTnplUzF3WVdkbE1TMHlNREJ3ZUMwbFJETWxPVGdsUkRFbE9ERWxSREFsUWpVbFJERWxPREpmSlVRd0pUa3hKVVF3SlVJMUpVUXdKVUk1SlVReEpUZ3hKVVF3SlVJMUpVUXhKVGd6SlVRd0pVSkZKVVF3SlVJeUxsUkpSaTVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Өмірбаяны
- Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, В.В. Великановтың класы бойынша) бітірген (1960).
- 1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка мектебінде мұғалім
- 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер
- 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім
- 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болды.
- 1969-1974 ж. "Гүлдер" ансамблінде
- 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді.
Шығармашылығы
Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Шақырады көктем", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың "Қыз жиырмаға келгенде", Ә.Тауасаровтың "Аса құрметті Икс"), кинофильмге ("Көртышқан мен қоян"), телефильмдерге ("Алдар көсе", "Жаздың соңғы күні", т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді.
Марапаттары
Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).
Дереккөздер
- Документальный фильм «Әсет Бейсеуов».
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер