Әулиекөл ауданы — Қостанай облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік аудан, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жерінің аумағы — 11,1 мың км². Орталығы — Әулиекөл ауылы. Аудан 1928 жылы "Семиозёр ауданы" болып құрылған, 1997 жылдан Әулиекөл ауданы аталады.
Қазақстан ауданы | |||
Әулиекөл ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 12 | ||
Кенттік әкімдіктер саны | 1 | ||
Ауыл саны | 33 | ||
Әкімі | Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, №44 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 52°21′00″ с. е. 64°07′48″ ш. б. / 52.35000° с. е. 64.13000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°21′00″ с. е. 64°07′48″ ш. б. / 52.35000° с. е. 64.13000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы | 11,1 мың км² | ||
Уақыт белдеуі |
| ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 34 843 адам (2023) | ||
Тығыздығы | 3,1 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (50,65%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды | 10 | ||
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Қостанай, Алтынсарин, батысында Бейімбет Майлин, Қамысты, шығысында Қарасу, оңтүстігінде Науырзым аудандарымен шектеседі.
Жер бедері
Аудан жерінің көпшілік бөлігін жазықтық және қазаншұңқырлы-көлді өңір алып жатыр. Аудан аумағы оңтүстік-батысында Торғай Үстіртімен (абсолют биіктігі — 250 м), шығысында Торғай қолатымен (абсолют биіктігі — 103–115 м) шектеседі. Кен байлықтарынан: қоңыр көмір, көмір, отқа төзімді саз, боксит кездеседі. Климаты шұғыл континенттік — қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айындағы орташа температурасы — 18–19°С, шілдеде — 21–22°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 260–280 мм. Топырағы қара, қара қызғылт, қоңыр, құмдақ болып келеді. Селеу, көкпек, жусан, т.б. шөп өседі. Ауданның шығысында Басаман, Аманқарағай орман алқабы бар. Жабайы жануарлардан: қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, орманды өңірінде тиін, елік, бұлан; құстардан: шіл, қарақұр, бүркіт, кезқұйрық, қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, тауқұдірет, шымшық, бозторғай, т.б. мекендейді.
Су торабы
Жер беті суларын ауданның Солтүстік-батыс бөлігі мен Торғай қолатындағы көлдер, Обаған өзенінің жоғарғы салалары, Шилі өзені құрайды. Көлдері: Құсмұрын, Шилі, Қарасор, Аласор, Сұлукөл, , т.б.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
27778 | ▲61162 | ▲70371 | ▼68874 | ▼66420 | ▼55338 | ▼47538 | ▼40460 |
Тұрғындар саны – 42 178 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 51,05%, орыстар – 30,78%, украиндар – 7,41%, немістер – 3,14%, татарлар – 2,11%, шешендер – 1,49%, беларустар – 1,17%, башқұрттар – 0,33%, әзербайжандар – 0,28%, басқа ұлт өкілдері – 2,23%.
Әкімшілік бөлінісі
33 елді мекен 3 ауылдық, 1 кенттік әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Аманқарағай ауылдық округі | Аманқарағай ауылы | 3 | ▼6791 |
Әулиекөл ауылдық округі | Әулиекөл ауылы | 1 | ▼10857 |
Диев ауылдық округі | Диевка ауылы | 5 | ▼1466 |
Көктал ауылдық әкімдігі | Көктал ауылы | 1 | ▼532 |
Қазанбасы ауылдық округі | Октябрь ауылы | 5 | ▼1382 |
Құсмұрын кенттік әкімдігі | Құсмұрын кенті | 1 | ▼6795 |
Москалёв ауылдық округі | Москалёвка ауылы | 2 | ▼622 |
Новонежин ауылдық округі | Новонежинка ауылы | 3 | ▼2138 |
Новосёлов ауылдық округі | (Новосёловка) ауылы | 4 | ▼1099 |
Первомай ауылдық әкімдігі | Первомайское ауылы | 1 | ▼502 |
Сұлукөл ауылдық округі | Юльевка ауылы | 3 | ▼940 |
Тимофеев ауылдық әкімдігі | Тимофеевка ауылы | 1 | ▼1240 |
Чернигов ауылдық округі | Черниговка ауылы | 3 | ▼860 |
Ірі елді мекендері
Елді мекен | Халқы (2021) |
---|---|
Әулиекөл | ▼10857 |
Құсмұрын | ▼6795 |
Аманқарағай | ▼6403 |
Новонежинка | ▼1820 |
Диевка | ▼1466 |
Тимофеевка | ▼1240 |
Черниговка | ▼707 |
Юльевка | ▼634 |
(Новосёловка) | ▼587 |
Москалёвка | ▼583 |
Қазанбасы | ▼564 |
Көктал | ▼532 |
Первомайское | ▼502 |
Шаруашылығы
Ауданда май, сыра, нан, құрама азық заводтары, шағын тігін және жиғаз фабрикалары, құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, баспахана, жол құрылыс кәсіпорыны, автобаза бар. Әулиекөл ауданы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы — 1,1 млн га (1997), оның ішінде: 447,8 мың га егістік, 17,7 мың га шабындық, 501,4 мың га мал жайылымы бар. Ауданда негізінен қой, сиыр, жылқы, шошқа өсіріледі, астық, жемшөп, көкөніс, картоп, т.б. егіледі.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер