«Әулие ата» Сатұқ Бұғра Қарахан, толық аты-жөні Сатұқ Бұғра Абд әл-Кәрім ибн Базыр (шамамен 908 — 955/56) — қолбасшы, Қарахан хандығының негізін қалаушы.
Жамал Қаршидың айтуынша, әкесінен ерте жетім қалған. Балалық шағын әкесінің інісі қолында, Қашқарда өткізеді. Аңыз бойынша, Сатұқ Қараханның түсіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шашты кісі еніп, оған түркі тілінде: “Ислам дінін қабылда! Сен бұл дүниеде және бұдан кейінгі дүниеде мұратыңа жетесің” дейді. Сатұқ ислам дінін қабылдауға ниет етеді. Сатұқ Бұғра Қарахан діни уағыз бен қылышқа қатар сүйене отырып, ағасы Оғұлшақ Қадырханды тақтан тайдырады да, Қашқардан Сырға дейінгі халықты өзіне қаратып, мұсылман дініне енгізеді. Кезінде әкесі билік құрған орталығы Баласағұнды бағындырады (942). Содан бастап Қарлұқ қағандығы жойылып, оның орнына орнайды. Сатұқ Бұғра Қарахан Артұшта (Қашқария) жерленген.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , I том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер