Алма күйесі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||
Yponomeuta malinellus (, 1838) | ||||||||||||||
|
Алма күйесі (лат. Yponomeuta malinellus) – ақкіс күйе тұқымдасына жататын зиянды көбелек; жеміс ағаштарын зақымдайды. Батыс Еуропа, Солтүстік Қытай, Корея және Жапонияда, ал Қазақстанның солтүстігінен басқа аймақтарда тегіс таралған. Көбелектің алдыңғы қанаттарының үсті үш қатар қара нүктелі күмістей ақ болады, ал артқы қанаттары күл түстес, жиек шашақтары ақшыл келеді. Қанаттарының жайғандағы ұзындығы 8 – 20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм, түсі сарғыш, басы қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер екі қатар орналасады. түсі ақ, ал қуыршағы күңгірт сары. Алма күйесі жылына бір рет көбейеді. Жұлдызқұрттары алма ағашы бұтағы қабығының астында қыстайды. Көктемде олар тобымен жапырақ тақтасының арасына кеулеп еніп, жас тіндерін кеміріп жеп, тек жапырақ жүйкесін ғана қалдырады. Олар жіпшелерімен жапырақтарды, бұтақтарды шырмап, өрмек ұя жасайды. Алма күйесінен қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп, өрт шалғандай болып көрінеді. Жетілген жұлдызқұрттар ақ пілләға оранып айналады, ол кезең 15 – 20 күнге созылады. Алма күйесінің жұлдызқұрттарын жою үшін жеміс ағашы бүршік жармай тұрып немесе гүлдегеннен кейін шашады.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |