Антони Жоран Марсьяль (фр. Anthony Joran Martial; 5 желтоқсан 1995, Эсон, Франция) — франциялық футболшы, тегі мартиникалық, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының жартылай қорғаушысы. Қазіргі кезде испандық "Севилья" клубында жалда өнер көрсетеді.
Антони Марсьяль | ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | 5 желтоқсан 1995 (28 жас) | |||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | ||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 181 см | |||||||||||||||||||||||||||
Салмағы | 76 кг | |||||||||||||||||||||||||||
Позиция | ||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||
Номері | 22 | |||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
Клубтық
2009 жылы "Лион" селекционерерінің көзіне түсіп, мектебіне қабылданды. Төрт жылдан соң, 18 жасында Францияның бірінші лигасындағы тұңғыш ойынын "Аяччоға" қарсы өткізді (3 ақпан күні). 79 минутта алжирлік Рашид Геззальдың орнына шықты. Бірақ , Александр Ляказетт, Бафетимби Гомис секілді футболшылардан негізгі құрамда бұған орын тимей, қосалқы құрамда қалды. 2012/13 жылғы маусымда бар-жоғы 3 рет қана алаңға шықты. 2013 жылы жазда "Монакоға" ауысты. Сол жылы қараша айында тұңғыш рет "Монако" сапында алаңға шықты.
2015 жылы маусым айында "Монакомен" келісім шартын 2019 жылға дейін ұзартты, бірақ сол жылы жаздың ең соңғы күндерінде "Манчестер Юнайтедке" ауысты. 2015/16 жылғы маусым қорытындысында манчестерліктер сапындағы ең үздік мерген атанды, барлық турнирлерде 17 гол соқты.
2016/17 жылғы маусым басында 9 номерді Златан Ибрагимович алды да, Антони 11 номерге ауысты.
Ұлттық құрамада
Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2015 жылы 4 қыркүйекте алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
- Манчестер Юнайтед
- Англия кубогы: 2016
- Лига кубогы: 2017
- Англия суперкубогы: 2016
- УЕФА Еуропа лигасы: 2017
- Франция-19
- Европаның вице чемпионы: 2013
- Франция
- ЕУРО-2016 күміс жүлдегері: 2016
Жеке
- Golden Bo сыйлығының иегері: 2015
- Премьер-лиганың үздік ойыншысы: қыркүйек 2015
Дереккөздер
- Anthony Martial profile (ағыл.). PremierLeague.com.
Сілтемелер
- Профилі (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер