Арамжебір (лат. Acinos) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Арамжебір | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның, Қырғыз Алатауының тасты-тастақты оңтүстік беткейлерінде өсетін 1 түрі – иісті арамжебір (А. graveolens) бар. Биікт. 2,5 – 8 (12) см. Сабақтары төрт қырлы, ұсақ түкті, көкшіл түсті. Жапырақтары дөңгелек, ұзынша, сыртын түк жапқан. Гүлдері 4 – 6-дан шоғырланған. Тостағанша жапырақшалары қос ерінді, түкті. көкшіл, қызғылт күлгін түсті. Аталығы 4, екі жоғ. аталығы өте қысқа, екі төм. аталығы аналық мойнымен бірдей, бірақ күлте жапырағынан ұзын болмайды. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – домалақ жаңғақша, қара қоңыр түсті.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том