Ассирия (жаңа ассириялық, айсорлық) тілі — (Ассирия тілі, Modern Assirian language) семит-хамит тілдер әулетінің арамей тобының солтүстік-орталық ішкі тобына кіреді, жалғамалы (агглютинативті) түрдегі белгілерді біріктіретін қопарылма (флективті) тілдерге жатады. Референтті халық: ассириялықтар (айсоры, асори), өз атауы – сураи, сондай-ақ халдеи. Жазба сирия жазуы негізінде үш модификацияда бар: эстрангела, серто және несториан. Ассирия тілінде ассирия, урмия және архаикалық мосуль диалектілері бар.
Ассирия тілі | |
Өз атауы: | Modern Assirian language |
---|---|
Елдер: | |
Ресми күйі: | жоқ |
Сөйлеушілер саны: | 833 300 |
Санаты: | |
| |
Жазуы: | сирия әліпбиі |
ISO 639-1: | — |
: | — |
: | aii |
Тағы қараңыз: |
Негізгі тұратын елі және қоныстану тарихы
Ассириялықтардың ата-бабалары – арамейлер. Алдыңғы Азиядағы арабтардың, кейінірек моңғолдардың жаулап алулары нәтижесінде ассириялықтардың көпшілігі ассимиляцияланған. 3 миллионға жуық ассириялықтар негізінен Иран, Ирак, Мысырда тұрады. КСРО-да 1989 жылғы халық санағы бойынша 26 160 ассириялық болды: Ассириялықтардың көп бөлігі Ресей Федерациясында (36,8%), Грузияда (23,7%), Арменияда (22,8%), Украинада (10,5%) тұрды.
Қазақстандағы ассирия тілі
Ассирия тілі – Қазақстандағы ассириялық диаспорасының эндогендік тілі. 1999 жылғы санақта Қазақстан ассириялықтарының қостілділік дәрежесі мынадай түрде анықталды: біртілділер – 202 адам (54,4%), көптілділер – 169 адам (45,6%). Қазақстан Республикасында қабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның негізінде 1991 жылы Ассирия мәдени орталығы құрылды және тіркелді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жексенбілік мектеп ашылды, онда халықтың тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері оқытылады; «Ниневия» би ансамблі құрылды, ассириялықтар туралы телевизиялық бағдарлама дайындалды.
Дереккөздер
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 107-бет.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |