Асханалық құралдар - басытқылық, балықтық, асханалық, десерттік және жеміс-жидекті құрал-аспаптар жатады. Басытқылық құрал-аспаптар шанышқы мен пышақтан тұрады. Салқын немесе ыстық басытқыларға (құймаққа) арналады. Балықтық құрал-аспаптар — төрт қысқа тістері бар, сүйектерді белуге арналған тереңдетілген шанышқыдан және қалақша тәрізді қысқа және жалпақ жүзді пышақтан тұрады. Екінші ыстық балық тағамдарына арналады. Асханалық құрал-аспаптар: шанышқы, пышақ және қасықтан тұрады. Бірінші және екінші ыстық тағамдарға арналады. Десерттік құрал-аспаптар: қасық, шанышқы және пышақтан тұрады. Өлшемі бойынша басытқылық құрал-аспаптардан кіші болады. Шанышқы мен пышақты тәтті тағамдарды жібергенде қолданады (алма шарлоткасы, пирожное). Десерттік қасықты мусс, кілегейдегі және сүттегі жеміс-жидектерді бергенде қолданады. Жеміс-жидекті құрал-аспаптар шанышқы мен үшкір кысқа жүзі бар пышақтан тұрады. Шай қасық — шайға беріледі. Балмұздаққа арналған қасық — қалақша сияқты жалпақ формалы болып келеді. Кофеге арналған қасық — шай қасықтан кішілеу болады. Кофеге беріледі. Кокотты шанышқы — үш қысқа жалпақ тістері бар шанышқы. Ыстық басытқыға беріледі. Сорпалык қасық — асханалық қасықпен салыстырғанда кішігірім, ол сорпа ішуге ыңғайлы.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер