Аффект (лат. affects — жан толқынысы) — адам көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, әсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.). Жас балаларда жиі кездеседі. Аффект кезінде оқыс қимыл-қозғалыстар (ерекше мимика, ым-ишара) жасалып, қатты дауыс шығады (айқайлау, жылау). Мысалы, тынышсызданудан басталған қорқу сезімі үрейленуге ұласып, аффект дәрежесіне жетеді. Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасіретке душар болған ересек адамның да жан толқынысы аффект түріне өтуі мүмкін. Аффекттің сыртқы белгілері адамның өзіндік ерекшеліктеріне (еркіне, жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне) байланысты. Аффект ұзақ уақыт бойы бойын билеп алған адамның сыртқы түрі өзгеріп, жүйке ауруына шалдығуы мүмкін.
Күшті және терең жан күйзелісі мен, сырттай анық байқалып, ақыл-ес тарылатын және өз іс-әрекеттеріне бақылау жасауының азаюымен сипатталатын, көзді ашып-жұмғанша бірден білініп, одан әрі шапшаң өрби беретін адамның хал-ахуалы. Жан күйзелісі: физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
Дереккөздер
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|