Ашасүйек, бұғана (лат. clavicula) — құс қаңқасының белдеуіне жататын оң және сол бұғана нәтижесінде пайда болған сүйек. Тауық ашасүйегінің төменгі біріккен жерінде төссүйекпен байлам арқылы байланысып тұратын сүйек өсіндісі болады. Ашасүйектің жоғарғы (проксимальды) ұштарындағы буын беттері құстұмсықша (қарға) сүйекпен және тоқпан жілікпен буынды байланыс жасайды.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |