Аққурай (Psoralea) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Маңғыстаудың құмды жерлерінде қаулап өседі. Қазақстанда сүйекті Аққурай (P. drupacea) түрі кездеседі. Ол Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. Биіктігі 100 – 120 (200) см. Тамыры тереңге кетеді. Бұтақталған түкті сабағы тік болады. Жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті жапырақ қолтығында орналасады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Аққурайдан жақсы сүрлем шөп дайындалады. Бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. Оның 1 га-сынан 10 – 25 ц шөп жиналады. Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан, медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады.
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер