Байтұрсын Есжанұлы Омарбеков (1946 жыл 14 қыркүйек Талдықорған облысы Панфилов ауданы Лесновка ауылы) - суретші, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
Әкесі - Омарбеков Есжан, марқұм. Анасы - Омарбекова Нұрипа, марқұм, үжымшарда жұмыс істеген.
- Педагогикалық училищесін (1965); Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін (1969) бейнелеу өнері мен сызудың оқытушысы мамандығы бойынша; И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының жанындағы білім жөтілдіру курстарын (1974); М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1984); Мәскеу жоғары көркемөнер өнеркәсібі училищесін (1989) бітірген. Германияда, АҚШ-та (2001) тәжірибеден өткен.
- Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясының профессоры (1995 жылдан).
- Бейнелеу өнерінің мәнері - кескіндеме, графика, мүсін.
- 5 альбомның автор-құрастырушысы. 3 кітаптың, 50-нен астам мақалалардың және жарияланымдардың, сондай-ақ әртүрлі галереялар және жекеменшік жинақтардағы кескіндемелік, графикалық және мүсіндік шығармалардың авторы.
- Кескіндеме, графика, мүсін бойынша жұмыстары мемлекеттік мекемелерде, жеке коллекцияларда сақталуда.
- 1969-1978 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты кескіндеме кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - көркемсурет-графика факультетінің деканы.
- 1978 жылдан - Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры.
- 1993 жылдан - Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы графикалық дизайн кафедрасының меңгерушісі.
- 1994 жылдан - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры. 2007 жылдан - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
- 2009 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағының төрағасы.
- «ИКОМ - Қазақстан» Халықаралық мұражайлар кеңесі Қазақстан қауымдастығының президенті (2001 жылдан).
- ЮНЕСКО істері бойынша ҚР ¥лттық комиссиясының (1995-2007); Қазақстанда орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, Алматы қалалық мәдениет пен өнер ескерткіштері жөніндегі комиссиясының (2003 жылдан), ҚР Білім және ғылым министрлігінің тіркөу кеңесінің (2009 жылдан) мүшесі.
- «Астана-Бәйтерек» республикалық сыйлығының лауреаты (2005). КСРО Ағарту министрлігінің, КСРО Жоғары және орта білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1999).
- Үйленген. Жұбайы - Омарбекова Шахизада Қожағұлқызы (1948 жылы туған), колледж оқытушысы. Қызы - Мәдина (1970 жылы туған); ұлдары - Мағауия (1971 жылы туған), Ғани (1984 жылы туған)
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер