Басқақ -
- Қазақ даласында ерте орта ғасырлардан бастап қолданылған лауазым. Тәуелсіздігінен айырылып өзге мемлекеттің (боданына) айналған елдің билеушісін Басқақ деп атаған;
- Жаулап алынған елдердегі Шыңғыс ханның сенімді өкілі. Оны (моңғол мөр иесі) деп те атаған. Бағындырылған елдегі әр табыс түрінің 1/10 бөлігі хан салығы, он адамның біреуі хан жасағы ретінде алынған. Мұның бәрін хан төңірегінен шыққан айрықша өкіл — Басқақ басқарып, жүргізіп отырды. Жауланып алынған жерлерге жергілікті тұрғындар тарапынан қойылған билеуші қызметін тексеріп отыру үшін хан олардың сыртынан бақылаушы “даруғасын”, яғни Басқағын отырғызған. Басқақтың қарамағында арнайы әскері болған. Олар қауіптен, ішкі кері ықпалдан сақтану үшін қала сыртында тұрған. Ол мекендерді орыстар “татар слободасы” деп атаған. Егер қандай да бір князь ханның жарлығына бағынбай, оны орындаудан бас тартса немесе алым-салық төлемесе, Басқақ өз жасағымен оларға қарсы аттанып отырған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelJrTDBKaGMydGhhM011YW5Cbkx6SXlNSEI0TFVKaGMydGhhM011YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Хара-Даван Э., Чингис-хан как полководец и его наследие, А.-А., 1992.
- Қазақ Энциклопедиясы
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер