«Боруссия» Менхенгладбах — Германия футбол клубы, Менхенгладбах қаласынан. Германияның бес дүркін чемпионы. Атауы әйгілі "Пруссия" сөзінен шыққан.
Тарихы
Команданың құрылғанына бір ғасырдан асты. Алғашқы табысына 1912 жылы қол жеткізді. А класында жеңіске жетіп, елдегі ең жоғары дивизионда ойнауға жолдама алды. Ол кезде жоғары дивизион Нидеррайн Фербандслигасы деп аталатын.
Команда 1919 жылы "Германия-1889" клубымен біріктірілді. Атауы сол себепті "ВФТуР 1889 М Гладбах" боп өзгерді. Көп ұзамай "Боруссия" М қайтадан бөлінді.
Команда өзінің алтын дәуірін 1970 жылдары бастан өткерді. 1964-75 жж аралығында клубты Хеннес Вайсслер жаттықтырып, елдегі белді клуб - "Баварияға" басты бәсекелес бола алды. 1969/70, 1970/71, 1974/75 жылдары Германияның чемпионы атана алғаны осыған дәлел. Вайсслерден соң команданың тізгінін Удо Латтек ұстап, 1975/75, 1976/77 жылдары "Боруссия" қатарынан екі маусым Германия чемпионатында топ жарды. 1977 жылы Чемпиондар Кубогының финалына шығып, Англияның "Ливерпуль" клубынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ал, 1975, 1979 жылдары УЕФА кубогын жеңіп алды.
Содан кейін команда бұлай дәуірлей алмады. Тек 1995 жылы Германия кубогын жеңіп алды. Ал, 2016/17 маусымында тоғызыншы орында қалды.
Жетістіктері
- Германия чемпионы - 1969/70, 1970/71, 1974/75, 1975/76, 1976/77
- Күміс жүлдегер - 1973/74, 1977/78
- Германия кубогы - 1960, 1973, 1995
- Германия Суперкубогы - 1977
- УЕФА кубогы - 1975, 1979
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер