Ділназ Мұратқызы Ахмадиева (20 қараша 1980, Алматы) — қазақстандық әнші, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012).
Ділназ Мұратқызы Ахмадиева | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Белсенділік жылдары | 1984 — қазіргі уақыт |
Мемлекет | |
Мамандықтары | әнші, актриса |
Дауыс түрі |
|
Жанрлары | |
Марапаттары |
Өмірбаяны
1980 жылы 20 қарашада Алматы қаласында туған.
Әкесі - Ахмадиев Мұрат Абдуреимұлы, ҚР Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің депутаты. Анасы - Әшімова Ризвангүл Магаметқызы, актриса, телеарна дикторы болып жұмыс істеген.
1997 жылы лицейді, 2002 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ағылшын тілі факультетін аудармашы-референт мамандығы бойынша бітірген.
Орыс, қазақ, ұйғыр, ағылшын және испан (сөздікпен) тілдерін біледі.
1997-2007 жылдары - «Мемлекеттік республикалық ұйғыр театры» РКҚК солист-вокалисі.
2004 жылы қазақстандық «Көшпенділер» жобасында (Хоши рөлін сомдады) түсірілімнен кейін Голливудта актер шеберлігі курстарында оқиды (АҚШ).
«Әлем халықтарының билері» сольдік би жобасына (1990), жас орындаушылардың Халықаралық « фестиваліне (Юрмала, 2002) қатысқан. Жас орындаушылардың республикалық «Алмалы-98» конкурсында Гран-при жүлдесін (1998), «Медивайв» визуалдық өнер фестиваліне ұйғыр театры труппасы құрамында қатысып, Гран-при иеленген (1999). Қазақ әндерінің « фестивалі сыйлығының (2000), ұлттық «А-1» сыйлығының (2001), «7 Нот» журналы сыйлығының (2000), Қазақстан Жастар сыйлығының (2003), «Ильхам» сыйлығының (2005) лауреаты.
Бүгінгі күнде жеке мансабымен айналысуда.
Дискография
- 2001 — Может однажды
- 2002 — Wapadarim
- 2005 — Золотой
- 2005 — Между нами зима
- 2007 — Моё сердце
- 2010 — Любовью задеты
- 2014 — Думай обо мне
- 2015 — Коз алдымда
- 2016 — Strength in my soul
Фильмография
- 2005 — Көшпенділер — Хоча
- 2009 — Москва, я люблю тебя!
Дереккөздер
- Мы живем в прекрасной стране, желаю, чтобы все так и продолжалось - Дильназ Ахмадиева
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл.