Ергежейлілік, нанизм (грекше nannos – ергежейлі) – адам бойының қалыпты деңгейден төмен болуы. Егер ер адамның бойы 130 см-ден, әйел 120 см-ден төмен болса, ол ергежейлі болып есептеледі. Ергежейлілік туралы алғашқы ғыл. жіктелімді 1902 ж. неміс ғалымы ұсынған. Ергежейлілік гипофиз, қалқанша, , ұйқы, жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан; мешел ауруының салдарынан; аяқ-қол, мойын, кеуде сүйектерінің өспеуінен (іштен туа біткен); сапасыз тамақтанудың әсерінен өсу гормонының аз бөлінуінен болады. Сондай-ақ, ергежейліліктің тұқым қуалайтын да түрі бар. Адамның шашы түсіп, бет-әлпеті кішкентай баланікіндей болады. Кейде науқас адамның сан етіне, ішіне, әсіресе, кеудесіне (алдамшы сүт бездерінің пайда болуы) май жиналады. Ергежей адамның жыныс бездері жетілмеуі салдарынан ұрпақ қалдыра алмайды. Ергежейлілік жалпы ой-өрістің дамуына онша әсер ете қоймайды. Дегенмен, орталық жүйке жүйесі зақымданса немесе организмнің және жүйелерінде ауытқулар байқалса, онда науқас адамның мінез-құлқында айтарлықтай өзгерістер (мысалы, ақыл-есінен айырылуы) пайда болуы мүмкін. Ергежейлілік — ұзақ емделуді қажет ететін ауру. Емді эндокринолог-дәрігер тағайындайды. Ергежейлілікті организмде жетіспейтін гормондар (бой өсіру гормоны — соматотропин, қалқанша без гормоны — , жыныстық гормон — , т.б.) мен витаминге бай сапалы тамақтану арқылы емдейді.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер