Жанақ Сағындықұлы, кіші Жанақ (1770 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар кеңшары, қонысы - 1856 жыл, қазіргі Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы “Хан сүйегі” деп аталған жер) — ақын.
Әкесі туралы
Әкесі Сағындық сол өңірге белгілі аңшы болған. 1748 - 58 жылдары қазақ-қалмақ соғысында мергендігімен көзге түскен.
Өзі туралы
Жанақ ауыл молдасынан дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Сағындық құсбегі кейіннен Жанақты Түркістан өңіріндегі , Ташкент қаласындағы медреседе оқытқан. Жанақ жас кезінен өнер жолына түсіп, домбыра, қобыз тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Жанақ 1790 - 97 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, қозғалыс жаршыларының бірі болған. Туып-өскен жеріне ауылын бастап көшіп, шамамен 1838 - 39 жылдары Ұлытау өңіріне қоныстанады. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жырының халық арасына көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1839 жылы Жақсы Абыралыға көшіп келіп, ел-жұртымен табысады. 1846 ж. жазда ел аралаған поляк А. Янушкевич жазған Жанақ — осы кіші Ж. ақын. Жанақ шығармаларының көпшілігі сақталмаған. “Рүстем төреге” толғауы мен біраз өлеңдері ғана жеткен.
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|