Казеин (лат. caseus – ірімшік) – тобына жататын күрделі ақуыз. Казеин сүт ірімтіктенген кезде оның құрамындағы казеиноген ақуызының пептидтік байланысының үзіліп, бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Казеиннің молекекулалық салмағы 75000-нан 100000-ға жетеді. Оның молекуласы 4 фракцияға бөлінеді. Құрғақ Казеин – ақ түсті, дәмсіз, иіссіз ұнтақ. Бейтарап немесе сілтілік ортаның тұзды ерітінділерінде жақсы ериді, суда ерімейді. Қышқылдық ортада тұнбаға түседі. Оның нүктесі 4,6 – 4,7 рН шамасында. Сүт құрамында ерігіш казеиноген ақуызы (кальцийлі тұз) түрінде болады, ол ұлтабар сөлінің құрамындағы химозин (реннин) ферментінің әсерімен ірімтіктеніп, тұнбаға түседі. Казеин – құнарлы ақуыз, оның құрамында шамамен 3,5% метионин, 6,9% лизин, 1,8% , 12,1% , 7,0% валин болады. Казеин – сүт пен сүт өнімдерінің негізгі ақуызы (сүт құрамындағы ақуыздың 85%-ін құрайды). Сиыр сүтінің құрамында Казеиннің мөлшері 2,8 – 3,5%, ал ана сүтінде 0,3 – 0,9% болады. Оның ақуызсыз құрамасы серин аминқышқылымен байланысқан фосфор қышқылынан тұрады. Казеиннің құрамында фосфор мөлшері 1% шамасында болады. Өндірісте Казеинді бояу, желім, , алу мақсатында пайдаланады.
Дереккөздер
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер