Камал Бошаев (17.11.1910, Қарағанды облысы Шет ауданы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1965). Қарқаралы педтехникумын (1931), КазПИ-ді (1940), Әскери-саяси академияны бітірген. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1940 — 42 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, Шымкент облысы партия комитетінің нұсқаушысы болды. 1942 жылы майданға жіберіліп, Курск доғасы, Днепр өзені бойындағы, Польша жеріндегі шайқастарға және Берлин операциясына қатынасты. Соғыстан кейін 7-гвардиялық атқыштар бригадасында насихат жөніндегі аға нұсқаушы, ал 1948 жылдан Қазақ КСР-і әскери комиссариатында басшы қызметтерде болды. 1951 — 71 жылы республикалық ДОСААФ комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1971 жылы құрметті демалысқа шықты. Бірнеше орден, медальдермен марапатталған.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер