Кентау қалалық әкімдігі – Түркістан облысындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылы Түркістан қалалық әкімдігінің құрамынан қосылған 12 ауылдық округ 2021 жылдың 12 наурызында жаңадан құрылған Сауран ауданы құрамына өтті. Әкімдік орталығы – Кентау қаласы.
Қазақстан қалалық әкімдігі | |
Кентау қалалық әкімдігі | |
Облысы | |
---|---|
Орталығы | |
Енеді | 1 қала, 1 ауылдық округ, 3 ауылдық әкімдік |
Тұрғыны (2021) | ▲96884 |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 13 |
Әкімшілік құрамы
Кентау қалалық әкімдігіне 1 ауылдық округ пен 3 ауылдық әкімшілік кіреді:
Әкімшілік бірлігі | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ащысай ауылдық әкімдігі | 2176 | ▼1677 | 77,1 | 1099 | ▼880 | 80,1 | 1077 | ▼797 | 74 |
Байылдыр ауылдық әкімдігі | 1528 | ▲1582 | 103,5 | 759 | ▲792 | 104,3 | 769 | ▲790 | 102,7 |
Қарнақ ауылдық округі | 14295 | ▲15074 | 105,4 | 7328 | ▲7480 | 102,1 | 6967 | ▲7594 | 109 |
Хантағы ауылдық әкімдігі | 6364 | ▼5978 | 93,9 | 3126 | ▼3073 | 98,3 | 3238 | ▼2905 | 89,7 |
Кентау қаласы | 57121 | ▲72573 | 127,1 | 27304 | ▲35338 | 129,4 | 29817 | ▲37235 | 124,9 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 81484 | ▲96884 | 118,9 | 39616 | ▲47563 | 120,1 | 41868 | ▲49321 | 117,8 |
Шаруашылығы (2003 жылғы мәлімет)
Л. Алиева
2003 жылы қалалық әкімдігінің кәсіпорындары 2041,8 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді: барит кені – 32,5 мың тонна, баритті концентраты – 16,2 мың тонна, 13 бірлік – экскаватор, 434,7 мың кВт трансформаторлар шығарды. Кентау қалалық әкімдігінің ауыл шаруашылық саласы Қарнақ ауылының аймағында орналасқан. Барлығы 178 агроқұрылым бар, оның 8-і ӨК, 2-і ЖШС, 166 шаруа қожалығы. Ауыл шаруашылық жалпы өнімінде: көкөніс дақылдарының (47,4%), картоп (14,1%) және ет өндірудің (10,5%) үлес салмағы басым. Кентау қалалық әкімдігі аумағында 8 аурухана, 4 емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, «Ыбырайым», «Медцентр» ЖШС жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласында 22 орта мектеп, балалар шығармашылық үйі, С.Байтереков атындағы музыка мектебінің бөлімшесі, Балалар көркемсурет мектебі, 7 кітапхана, 3 ауылдық клуб жұмыс істейді.
.
Дереккөздер
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер