Кермарал (лат. Cervus elaphus) - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар.
Кермарал | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Еркек Ұрғашы | ||||||||||||||||
() | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Cervus elaphus Линней, 1758 | ||||||||||||||||
Ареалы (түгел көрсетілмеген) |
Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Еуразияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкада таралған. Бірнеше географиялық түрлері бар (үзбара, марал, вапити және т.б.). Оңтүстік Америкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген.
Күзде күйленеді. Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бұзауы біреу. Кәсіпшілік бағалы нысаны. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Үзбараларды мен маралдарды бұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді (мүйізіне бола өсіреді, жануарды соймай-ақ мүйізін кеседі) 8 түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына еңгізілген.
Кермарал аңына арналған өлең тексті
с. М.Әлімбаев ә. Ә.Бейсеуов
Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған ел, туған жерім - "Қызыл таңым"
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Көркіңе көрмегендей қызығамын
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның
Туған жер, өскен елім - "Қызыл таңым"
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер