Киста (грек. kystіs – көпіршік), жылауық – әртүрлі патологиялық процестің нәтижесінде тіндер мен органдарда пайда болатын іші сұйыққа толы қуыс; қатерсіз ісіктің бір түрі. Киста, көбінесе, әйелдердің аналық безінде және бүйрек, бауыр, қалқанша және ұйқы бездерінде ( организмдер) орналасады. Кистаның көлемі әртүрлі, оның мөлшері пайда болу себептеріне, организмнің қай жерінде орналасуына, мерзіміне және кистаның айналасындағы қан тамырына байланысты болады. Организмде даму механизміне байланысты кистаны бірнеше түрге бөледі: – бездері жолында түрлі сұйықтардың жиналуы (мысалы, май безінен май, сүт безінен сүт бөліну, т.б.); – тығыз тіндердің белгілі бір бөлігінде жұмсарып іруі (мыс., инфарктен кейін немесе миға қан құйылғанда мида пайда болатын киста); дизонтогенетикалық киста ұрықтың дамуы кезінде пайда болады (мыс., бронхиогендік киста); ісікті киста – әртүрлі себептердің салдарынан тамырда, безде ісіктің пайда болуы (мыс., , лимфангиома); жарақат кистасы – түрлі сыртқы әсерден эпителий тіндерінің бұзылуы (мыс., саусақ, алақан эпителий тіндерінің кистасы); паразиттік киста – таспа құрттардың (эхинококк, ) көпіршіктене даму сатысында () сұйықтың жиналуы. Киста өте баяу өсетін ісік, сондықтан адам ісік әбден ұлғаймайынша ауырсынбайды. Медицинада ультрадыбыстық зерттеуді кеңінен қолданудың нәтижесінде киста әртүрлі медициналық тексеріс кезінде кездейсоқ анықталады. Кистаны, негізінен, хирургиялық операция жасау арқылы емдейді. Кейбір беткейлі орналасқан кисталарды инемен тесу (пункция) арқылы сұйық сорып алынады.
Дереккөздер
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер