Күйе көбелектер - қарапайым көбелектердің көптеген тұқымдастарының жалпы аты. Қанаттары шашақталған ұсақ көбелектер. 15 мыңдай түрі белгілі. Нағыз күйе көбелектердің (Tineidae) 2000 түрі бар. Оның 200 ТМД-да таралған. Жұлдыз құрттары жібек түтікшесінде, өсімдік және жануарлар қалдықтарынан жасалған құндақтарында, саңырауқұлақтарда,қыналарда өмір сүреді. Көпшілігі зиянкестер, азық-түлікті бөлдіреді, (дақылдар күйе көбелегі, Nemapogon granellus), жүн, тері, қауырсынды құртады, (, Tineola biselliella, , Tinea pellionella т.б.). , (Yponomentidae), түсі ақ, қара түйіршікті дақтары бар; ағаш-бұталарда өрмек тәрізді ұялап тіршілік жасайды. Белгілі түрлері, алма күйесі, (Yponomenta malinellus), жеміс күйесі, (padellus). , (Gelechiidae), артқы қанаттарының ұшы ойықталған; жұлдыз құрттары жапырақтарды жапсырып, өсімдік сабақтары мен жемісте ұя салады. Бұлардан басқа да табиғатта толып жатқан тұқымдастары тіршілік етеді.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |