Көшпенділер — 2005 жылғы қазақ-француз бірлесіп түсірген фильм. Фильмнің желісі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабына негізделген.
Көшпенділер | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері | |
Сценарийдің авторы |
|
Басты рөлдерде | |
Операторы | |
Композиторы |
|
Кинокомпания | «Қазақфильм» |
Дистрибьютор |
|
Ұзақтығы | 112 мин. |
Бюджеті | 34 млн. $ |
Мемлекет | |
Шыққан жылы | |
IMDb |
Жарнама ұраны: Әрбір жауынгердің, әрбір халықтың, әрбір махаббаттың өз Отаны болуы керек.
Желісі
XVIII ғасыр. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысын жүргізуде. Абылай хан атанған — Мансұр талай сынақтан өткен жас жігіт. Ол нағыз халық қолбасшысының қиын жолынан өтуі керек. Ажалмен бетпе-бет келгеніне қарамастан, ол дана, абыройлы адам болып қала береді. Оның басты мақсаты – қазақ халқын осындай қиын-қыстау кезеңде біріктіру, өйткені ортақ күш-жігермен ғана жауды өз жерінен қуып шыға алады. Сонымен қатар, осындай қиын кезеңде Мансұрдың жауынгер қыз Гауһарға деген сезімі бар, бұл да оған ауыр сынаққа айналады...
Рөлдерде
Актёр | Рөлі |
---|---|
Ералы | |
Аянат Есмағамбетова | Гауһар |
Әбілмансұр | |
Марк Дакаскос | Шарыш |
Шаңгрек | |
Ораз | |
Ділназ Ахмадиева | Хоша |
Тұңғышбай Жаманқұлов | Әбілқайыр |
Досқан Жолжақсынов | Қалдан Серен |
Ерік Жолжақсынов | Барақ |
Фильм 2004 жылы аяқталды, бірақ көріністі көрген продюсерлер оған қосымша қаражат салуды ұйғарып, жасаушылардан шайқас сахналарын аяқтауды және романтикалық желіні кеңейтуді талап етті. Сұраныстары құпталмаған соң режиссер мен оператор Юли Штайгер жобадан шығып, олардың орнына пен Дэн Лаустсен келді.