Лайлы – Көкпекті алабындағы өзен.
Лайлы | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 38 км |
Су алабының ауданы | 321 км² |
Су алабы | Көкпекті өзені |
Бастауы | Қайыңдышоқ орманының (қонысының) оңтүстігіндегі бұлақтар |
Сағасы | Құлажон өзенінің сол жағы |
• Орналасқан жері | Казнаковка ауылы маңы |
• Координаттары | 48°53′07″ с. е. 83°21′28″ ш. б. / 48.88528° с. е. 83.35778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°53′07″ с. е. 83°21′28″ ш. б. / 48.88528° с. е. 83.35778° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы Көкпекті ауданы |
Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзыңдығы 38 км, су жиналатын алабы 321 км2, жалпы ұзындығы 36 км болатын 30-дан астам саласы бар. Ірілері: Оразбай, Жуандық.
Бастауы
Бастауын Қайыңдышоқ орманының (қонысының) оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Құлынжон ауылы маңында Құлажон өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
Лайлы қыстауына дейінгі арнасы жарқабақты, жарлауытты, одан төмеңде аңғары кеңейіп сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Кей жылдары жазда Көкжыра ауылынан төменде ағысы қарасуларға бөлініп қалады. Самар ауылы маңында өзенге шағын бөген салынған. Алабының басым бөлігі техникалық дақылдарға арнап жыртылған, сондай-ақ өзен алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. (Т.З.),
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер