Футболдан Люксембург Ұлттық құрамасы ( -{Lëtzebuergesch Foussballnationalequipe}-, фр. Équipe du Luxembourg de football, нем. Luxemburgische Fußballnationalmannschaft) — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Люксембург құрамасы.
Люксембург Ұлттық футбол құрамасы | |||
Лақап аты | D'Roud Léiwen | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация |
| ||
Бас бапкері | |||
Капитаны |
| ||
Ең көп ойын саны | (98) | ||
Үздік бомбардир | (16) | ||
Үй стадионы |
| ||
ФИФА рейтингі | 86 (-2) (29 қараша 2018) | ||
ФИФА коды | LUX | ||
Формасы | |||
| |||
| |||
| |||
| |||
Еуропадағы аутсайдер құрамалардың бірі. 2018 жылы қараша айында ФИФА рейтингінде 86-орынға жайғасты.
Тарихы
Алғашқы ойынын 1911 жылы 29 қазан күні Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 1934 жылы алғаш рет әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. бірақ екі ойында да жеңіліп қалды.
Ешқашан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан емес. Бірақ сенсация жасаған матчтары жетерлік: мәселен, 1962 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Португалияның өзін 4:2 есебімен ұтып кетті. Ал 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Нидерландыны қапы қалдырды! Келесі сатыда Дания футболшылары бұларды үш ойын өткізіп барып әрең ұтты — 1:1, 3:3, 0:1.
1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 10 ұпай жинады. Турнир барысында Еуропаның болашақ күміс жүлдегерлері Чехияның өзі тізе бүкті.
Танымал ойыншылары
- Нико Браун — 40 (9)
- Жефф Штрассер — 98 (7)
- Ги Эллер — 55 (2)
- Лион Март — 24 (16)
- Виктор Нюренберг — 19 (5)
- Карло Вайс
- Мануэль Кардони — 68 (5)
- Поль Кох
- Луи Пило — 49 (7)
- Джон ван Рейсвейк
- Орельен Йоахим — 47 (6)
Дереккөздер
- http://www.fifa.com/fifa-world-ranking/ranking-table/men/index.html 15 шілденің 2018 жылы.
Сiлтемелер
- Люксембург Ұлттық футбол құрама командасы ФИФА ресми сайтада 24 қыркүйектің 2015 жылы. (ағыл.)