Вячеслав Михайлович Молотов (Скрябин) (9.03.1890, Кукарка, Киров облысы, – 8.11.1986, Мәскеу) — Кеңес Одағының саяси қайраткері. 1906 жылдан КОКП-ның мүшесі.
Вячеслав Михайлович Молотов | ||
![]() | ||
| ||
---|---|---|
19 желтоқсан 1930 — 6 мамыр 1941 | ||
Ізашары | Алексей Рыков | |
Ізбасары | Иосиф Сталин | |
Өмірбаяны | ||
Партиясы | Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы | |
Дүниеге келуі | 9 наурыз 1890 ![]() | |
Қайтыс болуы | 8 қараша 1986 (96 жас)![]() | |
Қолтаңбасы | ||
өңдеу ![]() |
оқыған (1911 – 12). Қазан төңкерісі тұсында (1917) Петроград Әскери революция көтерілісінің (ӘРК) мүшесі болды. 1919 жылдан кеңестік және партиялық жұмыстар атқарды. 1921-30 жылы БК(б)П ОК-нің хатшысы, 1930-41 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) төрағасы, 1941-42 жылы және 1946-53 жылы КСРО ХКК төрағасының бірінші орынбасары, сонымен бірге 1942-45 жылы Мемлекеттік Қорғаныс комитеті (МҚК) төрағасының орынбасары, 1939-49 жылы және 1953-56 жылы КСРО Сыртқы істер халық комиссары, министрі болды. СОКП ОК Саяси Бюросы (Төралқасының) мүшесі (1926-57). И.В. Сталиннің айналасындағы саяси топтың құрамында 1930 жылдар және 50-жылдардың бас кезіндегі жаппай қуғын-сүргін науқанын белсенді ұйымдастырушылардың бірі болды. Молотов 1939 жылы 23 тамызда өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман келісім шартына КСРО атынан қол қойды. 1957 жылы Л.М. Каганович, Г.М. Маленковтармен, т.б. бірге Н.С. Хрущевтің саяси бағытына қарсы шыққаны үшін КОКП ОК мен ОК Төралқасының құрамынан шығарылды. 1957-62 жылы дипломат. жұмыстарда болды (1957-60, КСРО-ның Моңғолиядағы елшісі; 1960-62, Венадағы атом қуаты жөніндегі Халықараралық агенттікте Кеңес өкілдігінің басшысы). 1962 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , XI том 27 бет.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vyacheslav Molotov |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер