Мұрат Мұхтарұлы Әуезов (1 қаңтар 1943 жыл, Мерке кенті, Жамбыл облысы – 14 маусым 2024 жыл,Алматы) — кеңестік және қазақстандық мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (1992–1996), жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ұлы.
Мұрат Әуезов | |
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | қазақ |
Мансабы | мәдениеттанушы, дипломат |
auezov.kz |
Өмірбаяны
1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
КСРО Ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.
Қазақстан Журналистика Академиясының 2007 жылғы 27 ақпандағы жалпы жиналысы арқылы Академияның толық мүшесі болып сайланды (диплом №44; 2007 жылғы 27 ақпан).
2024 жылғы 14 маусымда Әуезов Алматыда қайтыс болды. Онымен қоштасу рәсімі 16 маусымда өтті де, ол Алматы Орталық зиратында, әкесі Мұхтар Әуезовтің қасында жерленді.
Қоғамдық қызметі
1970–1976 жылдарда М.М.Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.
1981–1987 жылдарда Қазақфильм киностудиясында бас редактор болып қызмет атқарды.
1988–1990 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды.
1990 жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі болды.
1990 жылы Әуезов М.М. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.
1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол — Қазақстанның ерекше тапсырмалар бойынша Төтенше және Өкілетті Елшісі.
1995 жылы Алматы облысы әкімдігінің ақпарат және Қоғамдық келісім Департаментін басқарды.
1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден қордың президенті.
2003–2006 жылдары Бас директоры қызметіне тағайындалды.
Марапаттары
- «Дни своей долгой-долгой жизни» деген мақаласы «Дружба народов» журналының сыйлығы (№8; 1968).
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
- «» лауреаты (2004)
Шығармашылығы
- Времён связущая нить. Монография. Алматы, «Жазушы» (1972);
- Иппокрена Хождение к колодцам времен (1997).
Отбасы
- Әкесі — Мұхтар Омарханұлы Әуезов
- Анасы — Фатима Ғабитова
- Ләйла Мұхтарқызы Әуезова
- Інісі —
- Баласы —
- Қызы —
Әйелдері:
- Хорлан Рахiмбек (қызы — Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова)
- Зәуреш (ұлдары — Мағжан Мұратұлы Әуезов)
- Тамара
Дереккөздер
- Мұрат Әуезовпен қоштасу (қаз.). Азаттық радиосы (16 маусым 2024). Тексерілді, 16 маусым 2024.
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
- Қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезов қайтыс болды (қаз.). Азаттық радиосы (14 маусым 2024). Тексерілді, 14 маусым 2024.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер