Файзолла Әбсәлемов (23.11.1911, Ырғыз ауданы - 1.07.1993, Алматы), кинооператор. (1969).
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Файзолла-Әбдісалам-Төремұрат-Алмат-Тобаберген-Киікбай-Әлібек-Қалақ-Шобдар-Бекет-Сейін (Желдер)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей
ВГИК-тің операторлық факультетін бітірген (1948).
Кинодағы алғашқы қадамын деректі фильмдер түсіруден бастады. Республика өмірі туралы апта сайын экранға уздіксіз шығып тұрған « Киножурналында М. Әуезовке байланысты түсірілген кадрлардың орны бөлек. Мысалы, 1957 жылғы 39-санында (режиссері X. Дәулетбаев) ұлы жазушының 60 жылдық мерейтойының Мәскеуде тойлану кешінен көріністер берілген. Осы журналдың 1960 жылғы 45-санында жазушының оқырмандарға қолтаңба беріп жатқан сөті, ал 1961 жылғы 19-санында үнді жазушысы Р. Тагордың 100 жылдық тойында М. Әуезовтің сөйлеп тұрған кезі бейнеленген.
Сондай-ақ Әбсәлемов «Абай әні» көркем фильмінің (сценарийін М. Әуезов жазған) бас операторы болды.
Дереккөздер
- Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |