Фунт (лат. pondus — салмақ) — салмақтың көп тараған байырғы өлшемдерінің бірі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemRrTDBkbGQybGphSFJ0WVNWRE15VTVSbVV4TG1wd1p5OHlNakJ3ZUMxSFpYZHBZMmgwYldFbFF6TWxPVVpsTVM1cWNHYz0uanBn.jpg)
Ол өлшеуіштердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдерде қазіргі кезде де кездеседі. Ф-тың сауда-саттық, айырбас жұмыстарында жиі қолданылған төмендегідей түрлері болған: орыстың сауда Ф-ы 409,5 г-ға, дәріханалық Ф. 307,3 г-ға, ағылшынның сауда Ф-ы 453,6 г-ға, монеталық Ф. 373,2 г-ға тең.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том