Шаушүрілдек (лат. Charadrius dubius) — татреңтәрізділер отрядының шүрілдектер туысынын шағын денелі құс, денесінің ұзындығы 14-15 см, массасы 31-46 кг, қанатын 32-48 см аралығында қозғайды. Көп тараған аймағы Солтүстік Африка, Еуразия, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарының аралдарын мекендейді. Су жағасын, тірі жан аз аймақты мекен еткенді көздейді. Ал, жұбын тапқан мезетте, жерді айнала қозғалып жуандалған дыбыс шырқайды.
Шаушүрілдек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Charadrius dubius , 1786 |
Қазақстанда барлық жерге таралған. Малтатасты және құмдауыт қайраңдарға ұялайды. Көбінше тұқымын колония құру арқылы орналастырады. Оны жерге, кішігірім ойыс аймақтарға, ашық жерлерге құрады.
Көбінше сәуір мен маусым айлар арасында жұмыртқа туады. Жұмыртқасының төрт түсі бар: палевті, ақ, құмды және тоқ түсті дақты. Жұмыртқа үстін күндіз аналық жынысты зуек басса, түнде аталық жынысты зуек басады. Балапан 24-27 күн ішінде жұмыртқаны жарып шығады. Жас зуектар 30 күннен кейін ғана ұшуға бейім болады. Қауіп төнген мезетте зуек домалақ пішінге айналып, жерде жатады, содан соң ғана ұшып кетеді.
Көбінше жәндіктермен, яғни бунақденелілермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді.
Дереккөздер
- Charadrius dubius. Version 2013.2. (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,, 352 бет, Алматы: Атамұра
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер