Ысмайыл Шәменұлы Нышан (1892, Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – 1979, Қызылорда қаласы) – Қорқыт күйлерін біздің заманымызға жеткізген қобызшы, абыз. Нышан бір жасында «күйдіргі» (түйнеме) ауруына шалдығып, жасында екі көзінен зағип болып, өмір тауқыметін көп тартқан. Тоғыз жасынан қобыз тартуды үйренген Нышан «Мұсаяз» бейітіне келген қобызшылардан Қорқыт атаның және белгілі бақсы-балгерлер Есақай мен Адасқан, т.б. қобызшылардың күйлерін үйреніп алады. 1975 жылы фольклоршы Нышан ойнауында Қорқыт атаның 11 күйін үнтаспаға жазып алған. Қызылорда қаласындағы бір көшеге Нышан есімі берілген. Қобыз күйінің атасы Қорқыт дәстүрін бойына сіңіріп, Ықылас, т.б. күйлерін игерген. Алғаш Н. есімі Сыр бойы өнерпаздары туралы Ә.Қоңыратбаев көрсеткен тізімде аталды (1973). 1975 жылы Нышанның “Ұшардың ұлуы”, “Тарғыл тана”, “Елім-ай, халқым-ай”, “Әуппай”, “Сарын” (1-2 түрі), “Қоңыр”, “Қорқыт”, “Башпай”, “Желмая”, “Байлаулы киіктің зары” күйлері өз орындауында магнитофон таспасына жазылып алынды. Нышан абыздан жазылып алынған бұл күйлер “Елім-ай” (1987) деген атпен Қорқыт шығармалары ретінде жарық көрді. Дұрысында бұл күйлерді Қорқыт дәстүрінен бастау алған Н-ның төл шығармалары деу керек.
Сілтемелер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер